ҚР-да ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай болады: мемлекеттік бюджет туралы заң жобасы әзірленді

Қазақстанның 2022 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы заң жобасы қарауға шығарылды.

Қоғамдық талқылауға ұсынылған құжатқа сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап.

  • жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36018 теңге болып белгiленеді.

Аталған заң жобасын қабылдаудың мақсаты ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін арттыру, — делінген Үкімет басшысының түсіндірме жазбасында.

Фото: «2022 — 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы дайындалды және талқылауға шығарылды

Добавить комментарий