ҚР-да доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда АҚШ долларының бағамы төмендеуде. Оның бағасы 470 теңгеге дейін төмендеді.

Бір тәулікте доллар 2,54 теңгеге арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 5 қазанда доллар бағамы 470,06 теңге болды.

Бір тәулікте доллар 2,54 теңгеге, бір айда 2,46 теңгеге арзандады.

Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларды 470-471 теңгеден сатып алып, 475-476 теңгеден сатып жатыр.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің бағасы барреліне 91,3 долларды құрайды.

Добавить комментарий