Өткен тәулікте АҚШ долларына қатысты теңге бағамы нығайды.
Хабарланғандай, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ доллары шамамен бір теңгеге, 458,69 теңгені құрады.
Бір тәулікте доллар бағамы 0,97 теңгеге, бір айда 6,72 теңгеге төмендеді.
Қазақстанда ақша айырбастау пункттерінде долларды 459,5 теңгеден сатып алып, 463 теңгеден сатып жатыр.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы барреліне 82,4 долларды құрайды.