ҚР-да дипломдар мен аттестаттар QR-код бойынша беріледі

Қазақстанның білім беру мекемелерінің түлектеріне оқуды аяқтағаны туралы құжаттар QR-код бойынша беріледі.

Үкіметтің бұл бастамасы көптеген қазақстандықтардың наразылығын тудырды.

1 қарашада Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аттестаттар мен дипломдар QR-код бойынша цифрлық форматта берілетінін айтты

Әрбір педагогтың аттестаттаудан өту, жұмысқа қабылдау, конкурсқа қатысу туралы ақпарат беретін цифрлық портфолиосы болады.

Мектептерде оқулықтарды таңдауда академиялық дербестік қамтамасыз етіледі.

Аттестаттар мен дипломдар QR-код бойынша цифрлық форматта беріледі.

Әр студенттің жеке цифрлық профилі болады. Ең танымал қызметтер eGov және ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы көрсетілетін болады.

Асхат Аймағамбетов орын тапшылығы мәселесін қалай шешетінін де айтты. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша тапсырма берген.

Ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 800 мыңнан астам орын іске қосылып, үш ауысымдық және апатты мектептер мәселесі шешіледі. Жаңа мектептер үшін құрылыс пен жабдықтың бірыңғай стандартын қолдану жоспарлануда. Келесі жылы бұрын болмаған көлемде мектептердің құрылысы басталады, — деді Асхат Аймағамбетов.

Мысалы, тек Алматы бойынша келер жылы 20 жаңа мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігінің басшысы еліміздің балабақшаларына бірыңғай кезек құру жоспарын айтты.

Добавить комментарий