ІІМ ресейліктер қай өңірлерге келгенін айтты
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында еліміздің аумағына 16 837 Ресей азаматы келді, олар ҚР-да уақытша тұруға рұқсат алды.
Ресейліктердің басым бөлігі Қызылорда облысына — 2463, Алматыға — 2116, БҚО — 1677, Қостанай облысына — 1525 келді.
ІІМ мәліметінше, РФ азаматтарының негізгі бөлігі (8217) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген. 24 ақпан мен 13 сәуір аралығында Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға 677 өтініш қабылданды.
Бұған дейін Ресейдің шамамен 170 азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіріп, тұруға ықтиярхат сұраған ресейліктердің саны артқаны хабарланған болатын.
Бұл деректердің былтырғы көрсеткіштен айырмашылығы хабарланбады.