ҚР-да бірінші тоқсанда гигиеналық заттардың бағасы күрт көтерілді

Гигиеналық заттардың бағасы өскені белгілі болды. Тұрмыстық химия және жеке гигиенаға арналған тауарлардың бағасы күрт көтерілді.

Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір аралығында кір жуатын ұнтақ 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%, кір сабын 12,6%-ға қымбаттаған.

Иіс сабын 11,3%-ға, балалардың сабыны 14,1%-ға өсті. 2021 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша сусабынның бір жылда 9,2%, тіс пастасы — 9,4%-ға қымбаттады.

Бұған дейін аталмыш секторда бағаның күрт өсуі «девальвациялық» 2016-2017 жылдары байқалған болатын.

ҚР ірі қалаларының ішінде үш мегаполисте кір жуатын ұнтақтың бағасы қымбат: Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы. Балалардың сабыныны да қымбат.

Кір сабын Шымкент, Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларында, иіс сабын — Семей, Нұр-Сұлтан және Тараз қалаларында қымбат бағада сатылып жатыр.

Сусабынның бағасы Алматы, Павлодар және Ақтөбеде қымбат, тіс пастасы — Алматы, Өскемен және Таразда жоғары бағада сатылады.

Жалпы, қарапайым гигиена заттарын сатып алу үшін ең «қымбат» қалалар — Алматы және Нұр-Сұлтан (екі астанадағы 6 негізгі заттың 4-і — ҚР бойынша ең қымбат бағада). Сондай-ақ, Шымкент (негізгі 6 заттың 3-і — ҚР бойынша ең қымбат бағада) және Тараз (6 заттың 2-і) гигиена заттарын сатып алуда «шығындалатын» қалалардың тізімінде.

Добавить комментарий