ҚР-да бір тәулік ішінде COVID-19-дың 114 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда 2022 жылғы 23 қыркүйек таңертеңгі жағдай бойынша COVID-19 жұқтырған 114 науқас анықталды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздің төрт өңірінде аурудың бірде-бір жағдайы анықталмағанын атап өтті.

Екі тәулік бұрын елімізде 116 науқас тіркелген. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 114 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:

Астанада — 16,
Алматыда — 15,
Шымкентте — 1,
Ақмола облысында — 17,
Ақтөбе облысында — 3,
Алматы облысында — 1,
Атырау облысында — 2,
Шығыс Қазақстан облысында — 3,
Абай облысында — 2,
Жамбыл облысында — 3,
Батыс Қазақстан облысында — 9,
Қарағанды облысында — 17,
Ұлытау облысында — 7,
Қостанай облысында — 13,
Павлодар облысында — 2,
Солтүстік Қазақстан облысында — 3.

Елімізде барлығы 1 392 999 жағдай расталды.

2465 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, оның ішінде:

Астанада — 12,
Алматыда — 448,
Ақмола облысында — 552,
Алматы облысында — 2,
Жетісу облысында — 4,
Атырау облысында — 416,
Шығыс Қазақстан облысында — 7,
Абай облысында — 10,
Батыс Қазақстан облысында — 312,
Қарағанды облысында — 11,
Ұлытау облысында — 18,
Қостанай облысында — 409,
Маңғыстау облысында — 3,
Павлодар облысында — 271.

Добавить комментарий