ҚР-да ауыл шаруашылығы жерлері сай пайдаланылмады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/07/speech-35543-1659008332-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанда пайдаланылмайтын 904 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды. Олар 2022 жылдың 6 айында мемлекетке қайтарылды.

Жыл соңына дейін тағы 5 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтаруды қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы 430 мың гектар жер қайтарылды. Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді бұдан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер арқылы) бөледі.

Қазіргі таңда арнайы құрылған комиссия бірнеше бағыт бойынша қатар жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, барлық облыстарда әрбір өңірде құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тарта отырып, ведомствоаралық топтар құрылды. 7,45 млн га алаңда 2 584 субъектіге қатысты «жаппай қауіп» шеңберінде Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тексерулер жүргізуін көздейтін Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы қабылданды

«1 млн 517 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 601 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 680,9 мың га жерге қатысты тағы 57 материал ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында тіркеу сатысында тұр. 2021 жылы 210 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 177 жоспардан тыс тексеру тіркелді», — деп хабарлады АШМ.

Добавить комментарий