ҚР-да АЭС құрылысы бойынша көпшілік тыңдау өткізу уақыты кейінге қалдырылды

Алматы облысындағы АЭС құрылысы бойынша 28 ақпанға жоспарланған көпшілік тыңдаулар өтпейді. Ол кейінге шегерілді.

Алматы облысы Жамбыл ауданында АЭС салу жоспарлары туралы көпшілік тыңдау кейінге шегерілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына және сайлауға дайындалуына байланысты қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету мүмкін емес», — делінген хабарламада.

АЭС құрылысына байланысты мәселелер бойынша мәслихат құрамы қалыптастырылғаннан кейін Жария тыңдаулар өткізу туралы шешім қабылданды.

«Тыңдаулар өткізудің күні мен уақытын қосымша хабарлаймыз», — деп толықтырды әкімдік.

Бұған дейін жария тыңдау 2023 жылдың 28 ақпанында Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында өтеді деп хабарланған болатын.

Добавить комментарий