ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша қандай қылмыстық істер қозғалғанын және өндірісте екенін айтты.
Адам өлтіру фактісі бойынша 33 қылмыстық іс тергелуде.
Қазақстанда қаңтардағы оқиғалар кезінде билікті асыра пайдалану фактілері бойынша 40 қылмыстық іс тергелуде.
Бүгінде барлығы 971 істің өндірісі аяқталды, 539 адам сотталды. Оның ішінде 425 адам бас бостандығынан шектелді. 104-і ғана ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды.
Қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 276 іс бар.
қаруды заңсыз сақтау фактілері бойынша — 50;
адам өлтіру фактілері бойынша — 33;
билікті асыра пайдалану фактілері бойынша — 40;
ұрлық бойынша — 16;
бұзақылық бойынша — 4.