ҚР-да 16 мың шетел азаматы жұмыс істейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел аумағында 16 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейтінін хабарлады.

«2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 16 061 шетел азаматы еңбек етеді», — делінген дүйсенбі күні жарияланған хабарламада.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 587 адам, Түркия – 1 820 адам, Үндістан – 1 691 адам, Өзбекстан – 1 563 адам, Ұлыбритания – 1 123 адам.

Бірінші санат бойынша — басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 603 рұқсат, құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 131 рұқсат берілді. Мамандар мен жұмысшылар үшін — 7 970 және 1 021 рұқсат берілді.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 766 жұмыс беруші бар. Оларда 397 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% — ы», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий