Ресей Президенті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және премьер-министр Асқар Маминге Ресейлік әріптеспен цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастық туралы қабылдаған шешімі үшін алғыс білдірді.
Бүгін Ресейде өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумы аясында маңызды келісімге қол қойылды
Бүгін Ресейде өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумын өткізу аясында ҚР цифрлық трансформациялау бойынша жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісімге қол қойылды.
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Сбербанк басшысы Герман Греф цифрлық трансформация, цифрландырудың платформалық моделіне көшу жобалары мен Data-Driven Government тұжырымдамасын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин бейнебайланыс режимінде рәсімге қатысты.
«Мен Қазақстан президенті мен премьерін бізді таңдағаныңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл шын мәнінде ресейлік әріптестерге деген сенімнің белгісі және қос ел арасындағы әріптестік пен одақтастықтың жоғары мәртебесін растайды», — деді Владимир Путин Шығыс экономикалық форумы аясында меморандумға қол қойылғаннан кейін.
Өз кезегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен цифрлық трансформациялау жөніндегі келісімді стратегиялық және өзара сенімнің нышаны деп атады.
«Қазақстан мен Сбербанк арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум екіжақты ынтымақтастықтың сапалы жаңа негізде табысты дамуының тағы бір көрінісі болып табылады. Бұл жоба ек мемлекеттің өзара сенімін білдіреді, сондықтан ол өзінің сипаты жағынан шын мәнінде стратегиялық бастама болып табылады», — деп атап өтті Тоқаев.
VI Шығыс экономикалық форумы 2-4 қыркүйек аралығында Владивостокта гибридті форматта өтеді, іскерлік бағдарламаның басты тақырыбы — «Қиыр Шығыстың өзгеретін әлемдегі жаңа мүмкіндіктері».