ҚР бойынша 9-11 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша алдағы үш күнге, 2022 жылғы 9-11 тамызға арналған ауа райы болжамы. Шуақты ауа райы күтілуде.

«Солтүстік антициклонның сілемі, республиканың батыс жартысына әсер етеді, солайша алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ, әрі шуақты ауа райы орын алады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне, оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді, бұл өз кезегінде жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Солайша елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр болжанады. Күн күркірейді, бұршақ жаууы және қатты жел болуы мүмкін.

Ауа температурасының негізгі аясы:

күндіз батыста +30 +38°С;

солтүстік-батыста +27 +35°С;

солтүстікте +18 +25°С;

орталықта +17 +28°С;

шығыста +18 +30°С;

оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33°С шегінде;

таулы аудандарда 13 +20°С;

Добавить комментарий