ҚР бойынша 2022 жылғы 24 маусымға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер ертең, 2022 жылғы 24 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтып берді.

«Атмосфералық фронталдық бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», — деді «Қазгидромет».

Болжамға сәйкес, күндіз Жетісудың шығысында, батысында, солтүстігінде, Түркістанның шөлейт аймақтарында, Қарағанды мен Абай обыстарының оңтүстігінде, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде күндіз қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде күндіз аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай, Алматы облыстарының батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, — деп толықтырды «Қазгидромет» РМК.

Добавить комментарий