2022 жылғы 1 ақпанда Қазақстанның басым аумағында ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде және күндіз қар жауады, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 8-10 жылы болады. Облыс аумағында тұман түседі.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз болады. Облыс аумағында бұрқасын, көктайғақ болады.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз -1 +1 градус болады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 8-10 градус аяз болады. Облыс аумағында тұман түседі.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз болады. Облыс аумағында бұрқасын, көктайғақ болады.
Қостанайда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус аяз болады. Облыс аумағында жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін.
Қызылордада ауа райы жауын-шашынсыз болады, желдің күші 6-11 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 2 градусқа дейін жылиды. Облыс аумағында тұман түседі.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз болады.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 5-7 градус аяз болады. Облыс аумағында жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жылдамдықен соғады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 2 градусқа дейін жылиды.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.
Оралда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз қар жауады, жел 9-14 жылдамдықпен соғады. екпіні 18 м/с дейін. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 2 градусқа дейін аяз болады. Облыс аумағында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз болады.