ҚР Бас санитарлық дәрігері қашықтан жұмыс істеуді ұсынады

Алматыда эпидемиологиялық жағдайы жақсармай келеді. Бұл туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

Ол Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын, сондықтан карантиндік шаралар сақталатынын түсіндірді. Жыл басынан бері қалада коронавирустық инфекцияның 15 876, пневмонияның 1140 жағдайы тіркелді. Алматыда КВИ ауруының өсуі қазан айынан басталды: 366 КВИ жағдайы тіркелді. Бұл қыркүйек айына қарағанда 2,2 есе жоғары (165 КВИ жағдайы), сырқаттану көрсеткіші жеті есеге өсті.

«Қазір қашықтықтан оқитын оқушылар арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Қыркүйек айынан бері 115 бала ауру жұқтырды. Олардың ішінде 109-ы онлайн оқыды. Алтауы — офлайн. Бұл жағдайлар №8 гимназияда, жекеменшік мектептерде, STEAM SCHOOL, «Мирасе», Haileybury-де орын алды. Бұл сыныптар карантинге жабылған. Ал балалар 14 күнге карантинге жіберілді. Біз балалар ауру жұқтыруының негізгі себебі аға-інілері, апа-сіңлілері клубтарға барып вирусты алып келеді, ал ата-аналар үйге жабық кеңселерде жұмысынан алып келеді. Біздің ұсынысымыз — қызметкерлердің 80%-ын қашықтықтан жұмысқа ауыстыру», — деді Жандарбек Бекшин.

Добавить комментарий