ҚР астанасынан 98 шетелдік азамат елден шығарылды

Нұр-Сұлтанда көші-қон заңнамасын бұзғандарды анықтауға бағытталған «Нелегал-2022» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Полицейлер құрылыс нысандарын, қонақүйлер, жатақханалар, азаматтар көп жиналатын орындарды және шетелдік азаматтар заңсыз болуы мүмкін жерлерді тексерді. Жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін 1358 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 98-і елден шығарылды.

«Сондай-ақ, көші – қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 340 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 275 азамат шақырылған шетелдіктердің белгіленген келу қағидаларын бұзғаны үшін, 65 адам шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды», — делінген елордалық полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижелері бойынша шетелдіктер тарапынан негізгі құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасына келудің, кетудің және болудың белгіленген тәртібін бұзу болып табылады.

Добавить комментарий