ҚР Қаржы министрі КҚК апатынан келтірілген шығын туралы айтты

Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Каспий құбыр консорциумындағы (ҚҚК) апаттан келтірілген шығын туралы айтты.

Оның айтуынша, нақты шығынды есептеу мүмкін емес, себебі бәрі ақауды қанша мерзімде қалпына келтіретініне және жаңа санкциялық шаралардың болуына байланысты.

«(Залал. — ред.) 100-150 миллиард теңгеге бағалануда. Егер тез арада қалпына келтірілсе, әрине, онда аз болады», — деді министр үкімет аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

22 наурызда Қара теңіздегі қатты дауылдан Каспий құбыржол консорциумының (КҚК) құбыр жүйесі зақымданғаны белгілі болды, ол Қазақстанның барлық мұнай экспортының үштен екісінен астамын қамтамасыз етеді, соның салдарынан қазақстандық мұнай экспортына қауіп төніпотыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Интерфакс-Қазақстан» Қазақстан экономикасына Ресейге қарсы санкциялардан, Каспий құбыр консорциумының терминалдарының зақымдануынан, сондай-ақ Украинадағы жағдайдан келген шығын 300 млрд теңгеге жетуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

«Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына жанама әсер етеді. РФ-ға санкциялардың енгізілуіне, КҚК мұнай құю терминалдарының бүлінуіне және Украинадағы жағдайға байланысты бюджет шығындарының жалпы сомасы шамамен 300 млрд теңгеге жетуі мүмкін», — деп хабарлады қаржы министрлігінің баспасөз қызметі «Интерфакс-Қазақстан» сауалына жауап ретінде.

 

Добавить комментарий