Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті имамдармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында министр Тәуелсіздік алғаннан бері, елімізде дәстүрлі Исламның, жалпы діннің рөлі айтарлықтай өскенін атап өтті. Ол азаматтардың, әсіресе жастардың дінге бетбұрысы, қоғамдағы белсенділігі артып келетінін айтты. Осы тұста діни бағыттағы даму жолымызды саралап, заманауи талаптарға сай түлету қажет. Санамызда орныққа, салтымызға айналған ата дініміз біркелкілігімен, төзімділігімен және дәстүрімізбен астасып, танымымызға сіңіп, өмір салтымызға айналған
Сондай-ақ қатысушылар дистрюктивті ағымдармен күрес, діни кадрларды даярлау және қоғамдағы толеранттылықты сақтау мәселелері жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. Талқылаудың маңызды аспектісі барлық азаматтар үшін бейбітшілік пен рухани даму көзі болып қалуы үшін діни саланы дамытудағы үйлесімділік пен теңдікті сақтау болды.