ҚР-ға 60 кг героин әкелу әрекетінің жолы кесілді

Қырғызстан-Қазақстан шекарасында 60 килограмм героин тиелген Toyota Land Cruiser маркалы автокөлік ұсталды.

Шекара ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінде ерекше иісі бар ақ-сұр түсті зат салынған пакеттер анықталды. Аталып өткендей, пакеттер көлікке жасырылған — оларды иіскеп қызметтік ит Джек тапқан.

«Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады

Добавить комментарий