Жамбыл облысында ішкі нарықта табиғи газға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін заманауи газ кен орны пайдалануға беріледі.
«QazaqGaz» қазақстандық ұлттық компаниясы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында «Анабай» жаңа газ кен орнының жобасын іске қосты. Ұлттық компанияның баспасөз хабарламасына сәйкес, үш ұңғыманы консервациялау бойынша кешенді жұмыстар атқарылды, сондай-ақ «Анабай — Жарқұм» газ құбыры салынды. Қазіргі уақытта барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
2023 жылы газ өндіру 6,5 млн текше метрге, ал 2028 жылы өндіру деңгейі 44 млн текше метрге жетеді деп күтілуде. Жаңадан іске қосылған кен орнының қоры 4 млрд текше метрді құрайды.
Анабай кен орнынан алынатын, газ көлемі ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл жобаға тартылған инвестиция көлемі 12 млрд теңгені құрады. Кен орнын одан әрі бұрғылау жоспарлануда. Компания кен орнын одан әрі пайдалану және дамыту жөніндегі жоспарларды қарастыруда.