2000 жылы Ресей президенті болып сайланғаннан кейін Владимир Путин олигархтармен күресетінін жариялады. Олигархтар РФ-ның бұрынғы президенті Ельцинге әсер етіп, мемлекеттің саясатына араласады деп есептелді. Путин оларды шешім қабылдаудан шеттеткісі келді. Бүгінгі таңда ресейлік БАҚ-та Владимир Путин олигархтарды еңсерген президент ретінде айтылады. Солай ма?
Путин ел билігін және президент ретінде өзін жеке өзі сынаған олигархтармен ғана күрес жүргізе бастады. Путин ең бірінші болып сол кезде «Бірінші арнаны» иесі болған Борис Березовскийдің жолын кесті. 2000 жылдың тамызында «Курск» сүңгуір қайығы апатқа ұшырады.
Березовскийдің телеарнасы қазіргі президент апат себептері туралы өтірік айтты және теңізшілерді құтқару кезінде әрекет етпеді деп айыптады. Путинге телеарнаның мұндай саясаты ұнаған жоқ. 2001 жылы Березовский қылмыстық қудалаудан құтылу үшін елден кетуге мәжбүр болды.
Олигарх Владимир Гусинский иеленген «НТВ» телеарнасын да президент сынға алды. «НТВ» иесі де РФ аумағынан біржолата кетуіне тура келді. «НТВ» және «Бірінші арна» телеарналарын мемлекеттің бақылауына өтті.
Оппозициялық партияларды қолдаған Михаил Ходорковский 2003 жылы Ресейдегі жемқорлықтың ауқымы туралы ашық айтты. Ходорковский елден қашып кеткісі келмеді. Сол 2003 жылы, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ельцин билігі кезіндегі олигархтар аман қалды. Активтер мен бостандығын сақтап қалғысы келгендердің барлығы Путинді сынға алудан бас тартып, жаңа президентпен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуы тиіс еді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы Путиннің уәдеге берік болғанын көрсетеді. Билік пен саясатқа араласуға ниетті болған олигархтар елден кетті немесе түрмеге қамалды, ал саясатқа араласпауға келіскендер өз бизнесін кедергісіз жалғастырып келеді. Бірақ бұл — насихат жасайтын қате пікір.
Шын мәнінде Ельциннің кезінде аз ғана олигархтар болды. Путиннің тұсында Ресейде билікпен үлестес ірі бизнесмендер көбірек пайда болды. Мысалы, миллиардерлердің саны 1997 жылғы 4 адамнан 2020 жылы 102 адамға дейін өсті. Миллиардерлердің арасында президенттің ең жақын ортасындағы, Путинмен ұзақ уақыт достық қатынаста болған адамдар көп. Достастықтары Путин билік басына келгеннен әлдеқайда бұрын басталған. Олар Геннадий Тимченко-балалық шақтан бергі досы, ағайынды Аркадий және Борис Ротенбергтер- 60-шы жылдары Путинмен бірге дзюдо секциясына қатысқан және басқа да қатты танымал емес адамдар. Сонымен қатар, Путиннің туыстары туралы да ұмытпайық.
Путинмен тығыз қарым-қатынаста болған, сәйкесінше Ресейде билікке қол жеткізе алатын адамдардың біраз бөлігі ешқашан бизнеспен айналыспаған, олар корпорацияларда басшылық қызметте болмады.
Бірақ Путиннің президенттігі кезінде оның туыстары мен балалықтан бергі достары миллионер болып, ірі банктер мен сақтандыру компанияларының директорлар кеңесіне кіреді, ірі компаниялардың акционерлері болып табылады.
Путин іс жүзінде, жаңа олигархия құрды. Осы адамдар президентке өз капиталы үшін қарыздар. Олар мемлекеттік келісімшарттардың басым бөлігін жеңіп алып, мемлекеттік компанияларда басшылық қызмет атқарады, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардан миллиардтаған долларға оффшорлық шоттарды бақылайды.
Әрине, олигархтар Путинді қолдап, өз ақшаларын офшорлық шоттарға жіберіп, Ресей халқын пайдалануды жалғастыратын болады.