РФ президенті Владимир Путин әлі G20 және АТЭЫ саммиттеріне қатысып-қатыспауы туралы шешім қабылдамағанын хабарлады.
Ол бұл туралы 31 қазанда Ресей, Әзірбайжан және Армения басшыларының Сочидегі үшжақты келіссөздерінен кейін журналистермен әңгімелесу кезінде айтты.
«Әзірге шешім қабылданған жоқ», — деп жауап берді Путин аталған іс-шараларға барасызба дегенге сұраққа.
Бұған дейін, 27 қазанда Ресей президенті «үлкен жиырмалықтың» саммитіне баратынын жоққа шығармады және бұл туралы ойлауға уәде берген.
14 қазанда Путин «жиырмалықтың» жекелеген қатысушыларымен қандай да бір тікелей келіссөз жүргізу туралы сөз болмағанын айтты.
G20 саммиті 15-16 қарашада Индонезияда Бали аралында өтеді. 11 қазанда Индонезияның Сыртқы істер министрі Ретно Марсуди Ресей және Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленский саммитке шақырту алғанын растады.
Бұған дейін, 16 қыркүйекте Путин G20 саммитіне қатысуы экономикадағы және басқа салалардағы жағдайдың қалай қалыптасатынына байланысты деп айтқан болатын. Ол Индонезия президенті Джоко Видодо Мәскеуде жүргенде жеке өзі шақырғанын атап өтті.