Ресей Президенті Владимир Путин Украина аумағына әскерін жіберудің елді денацификациялау және демилитаризациялау деп атаған. Ол Киевте билік басында нашақорлар мен неонацисттер отыр деп топшылаған.
Сарапшылар сол кезде-ақ РФ-ның мақсаты Украинаны әскери жолмен басып алу екенін айтқан. «Путин Кремльге қарсы әрекет етудің соңы не болатынын көрсеткісі келген еді. Екінші жағынан, ешқандай әскери іс-қимылсыз РФ ықпалындағы Беларусь бар. Посткеңестік елдер үшін бұл көрініс ескерту ретінде қабылдануы тиіс еді. Дегенмен Украина Ресейге қарсы тұруға болатынын көрсетті. Тек осылай ғана ел тәуелсіздігінен айырылмайды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Сәрсенбі күні жылды қорытындылауға орай өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен сөз сөйлеп, АҚШ Украинаның бостандығы мен тәуелсіздігін қолдау және Ресей істратегиялық сәтсіздікке ушырауы үшін бүкіл әлем елдерін біріктіруді жалғастырады деп мәлімдеді. «Путин Украинадағы басты мақсатына қол жеткізе алмады: елді картадан жойып, Ресейдің құрамына қосу, — деп мәлімдеді Блинкен. — Ресей әскери, экономикалық, дипломатиялық тұрғыдан әлсіз. Ал НАТО 75 жылдық тарихында дәл қазір қуатты, күшті және бір мақсатта біріккен».
Украинадағы соғыс қимылдары Киевтің батыстық әріптестеріне НАТО блогының не үшін құрылғанын көрсетті. Бұған дейінгі келіспеушіліктер жалпыға ортақ мақсатқа жету үшін шетке ысырылды.
Блинкен Еуропа елдері Украинаға 100 миллиард доллар, ал АҚШ 70 миллиард доллар бергенін атап өтті. Азия-Тынық мұхиты өңірінің елдері де энергетикалық инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ әскери және гуманитарлық көмек көрсетуге көмектесе отырып, диктатураны жеңуге өз үлестерін қосты және әлі қосып жатыр.
Олардың бәрі Украинада бүкіл әлемнің тағдыры шешіліп жатқанын түсінеді, себебі онда зұлымдық жақсылық соғысып жатыр, егер зұлымдық жеңсе, ол басқа диктатураларға, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты өңірінде жол ашады, дейді сарапшылар. Аумақтық даулар күш қолдану арқылы шешіле бастайды, әлемде түрлі ауқымдағы даулар мен қақтығыс туындап, көпжылдық хаос орын алады.
Энтони Блинкен АҚШ Конгресін президенттің ұлттық қауіпсіздікті қосымша қаржыландыруға деген сұранысын қабылдауға шақырды. «Егер Конгресс осы қаржыландыруды жақтап дауыс берсе, онда отандастарымыз, кәсіпорындарымыз, жұмысшыларымыз, одақтастарымыз бен серіктестеріміз, бүкіл әлемдегі Құрама Штаттардың көшбасшылығына үміт артып отырған адамдар ұтады», — деп Блинкен Конгресстегі заң жобасын қабылдаудағы кідіріске қатысты түсініктеме берді. — Ал егер біз сәтсіздікке ұшырасақ, онда Мәскеу, Тегеран және Бейжің бөрігін аспанға лақтырып қуанады. Егер сәтсіздікке ұшырасақ, бізді қарсыластарымыз бен бәсекелестеріміз тоқтатпайды. Ол дәл өзіміз».
АҚШ-тың қолдауы Украина үшін стратегиялық маңызды болып қала береді. Алайда, бұл ықтимал салдары тұрғысынан стратегиялық маңызды ынтымақтастық. Блинкен сәтсіздік туралы айтқанда, кейбір жағдайларды жасырып қалуда. Егер Украина соғыста жеңілетін болса, бұл демократиялық әлемнің құрдымға кететінін білдіреді. Жеңіліс НАТО мүшелері арасында араздықты тудырады және оның ыдырауына алып келуі мүмкін. Иран, Ресей және Қытай үшін бұл өз шарттарын қоюға еркіндік береді. Өркениетті, демократиялық әлем өз өмірін тоқтатады. Сондықтан Украинаға қаржылай көмек бөлу, қару-жарақ жеткізуді жеделдету және ұлғайту Батыс мен Киев үшін маңызды.