Путин соғысуды қалайды: Неліктен Украинадағы соғыс әлі де жалғасуда

Украина аумағындағы соғыс қимылдары басталғалы бері еуропалық саясаткерлер Ресей президенті Владимир Путин Украина қойған шартпен бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын емес екенін бірнеше рет мәлімдеген еді. Жақында РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Зеленскийдің «Бейбітшілік формуласы» негізінде бітімге келу мүмкін емес екенін мәлімдеді. Бұл ретте Рябков Кремльдің НАТО-мен текетіресуге дайын екенін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай мәлімдемелер «Путин өз шешімінен бас тартқысы келмейтінін және Украинадағы ұрыс қимылдарын барынша созуға тырысып жатқанын»  білдіреді.

Мамандар РФ президентіне бұл не үшін қажет екеніне қатысты өз көзқарастарын түсіндірді. «Соғыстың барынша ұзаққа созылғаны Путинге Ресей үшін жеңіске жетуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай туындауына күтуге мұрша береді. Мәселен, жақында ғана ХАМАС тобының Израильге шабуылдауы олар күткен оқиға. Израиль-Палестина қақтығысының кезекті рет шиеленісуі әлемдік көшбасшылардың назарын Ресей-Украина соғысынан Таяу Шығысқа бұрды. Ресей Израиль мен Палестина арасындағы соғыс батыс елдерінің Киевке аз мөлшерде қаржылай және әскери көмек көрсетуіне себеп болатынын қалайтынын жасырмады. Бірақ көріп отырғанымыздай, АҚШ және Киевтің еуропалық серіктестері Украинаға әскери қолдау көрсетуді жалғастыруда. Осылайша, Путиннің батыс елдері Украина армиясына қару-жарақ жеткізуді тоқтататынын туралы үміті орындалмайтын секілді».

Сонымен қатар, сарапшылар алдағы сайлауда ресейліктерді не күтіп тұрғанын және оған қазіргі биліктің көзқарасы туралы мәлімдеді:

«РФ президенті үшін келесі қолайлы жағдай АҚШ-тағы президенттік сайлау болуы мүмкін, ол іс жүзінде бір жылдан кейін 2024 жылғы қараша айында өтеді. Сарапшылар Путиннің АҚШ-тағы жаңа билік Украинаны мүлдем қолдамайды немесе қолдауды едәуір азайтады деп үміттенетінін, бұл Ресейге соғыстағы басымдықты өз қолына алуға мүмкіндік беретінін бірнеше рет айтқан.

Бірақ мұның барлығы ресейліктер үшін нені білдіреді? Ресей қоғамы үшін бұл өз елі Иран мен Солтүстік Корея секілді әлемнен оқшауланған елге айналғанын көрсетеді. Ресей қазірдің өзінде әлемдегі ең көп санкцияға ұшыраған ел, ал бір жылдың ішінде оған одан да көп санкция салынуы мүмкін, олар елді бұдан әрі оқшаулап, экономиканы біртіндеп құрдымға жіберуге ықпал етеді. Қазіргі таңда ЕО Ресейге қарсы санкциялардың 12-пакетін дайындап жатқаны белгілі. РФ Украинада азаматтық инфрақұрылымды бұзып, бейбіт украиндық тұрғындарды өлтіріп, қанды соғысты жалғастырып жатқанын ескеретін болсақ, бұл санкциялық пакеттер әлі салынатынын білдіреді. Бұл ретте АҚШ-та билік басына келетін жаңа президент Украинаны қолдауды тоқтататыныа ешқандай кепілдік жоқ, сондықтан Путин қайта келесі «қолайлы» мүмкіндікті күтуге мәжбүр болады. Ресейліктер үшін бұл тығырыққа апаратын жол».

Саясаттану саласындағы сарапшылар ресейліктерге мынадай мазмұндағы кеңес берді: «Ресейліктер осы жыл бойы Путин режимі соғыс алаңына жаңа адамдар жіберу қажет екенін ұмытпауы керек, себебі Ресей армиясы өте көп шығынға ұшырап жатыр. Қазіргі уақытта, сарапшылардың айтуынша, Путин мобилизация жариялағысы келмейді, себебі бұл ресейліктердің жаппай наразылығын тудырып, өзінің президенттік сайлау науқанына кері әсерін тигізуі мүмкін. Айта кетейік, РФ-да президент сайлауы 2024 жылы наурыз айында өтеді. Бірақ президенттік сайлаудан кейін Путин ойындағының бәрін жасауға ешкім де кедергі келтіре алмайды. Ол соғыс алаңына ресейліктерді қалағанынша жібереді. Айта кету керек, Ресей мемлекеті былтыр жүргізілген мобилизациядағы барлық проблемаларын ескеріп, жаңа мобилизация жарияланған жағдайда ресейліктерді тезірек «ұстап», соғысқа жіберу үшін мұқият дайындалды (түзетулер қабылданды, айыппұлдар қатайтылды, электронды шақыру қағаздары енгізілді)».

Добавить комментарий