Путин ресейліктерді әлемнен аласталған ұлтқа айналдырмақ: саясаттанушылар

«Ресей-Украина соғысы 2014 жылы Ресей Қырымды және Донбасстың бір бөлігін аннексиялағаннан кейін басталды. Бірақ осы оқиғалардан кейін де Украинада Ресейді қолдайтын азаматтардың қарасы көп болды. Аталған азаматтар украин тілінің орнына, орыс тілінде еркін сөйлесіп, РФ мен ресейліктерді «бауырлас славян» халқы деп қабылдайды, — деп есептейді украиналық саясаттанушылар.

Соғыс қимылдарынан Украина аумағындағы ғимараттар қирады. Жергілікті БАҚ Мариуполь жермен жексен болғанын хабарлайды, Зеенскийдің пікірінше, қаланы қалпына келтіру үшін кемінде 14 млрд. доллар қажет.

Мұндай қайғылы оқиғалардан кейін украиндықтардың Ресей мен оның халқына деген көзқарасы өзгергені таңқаларлық емес.

«Этникалық ресейліктердің 85%-ы және орыс тілді украиндықтардың 90%-ы Украинада орыс тіліне ешқандай қысым көрсетіліп жатқан жоқ деп отыр. Бұған Киев халықаралық әлеуметтану институты жүргізген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі дәлел.

Сондай-ақ, аталған институттың басқа да әлеуметтік сауалнамасының нәтижесі бойынша украиндықтардың басым көпшілігі (79%) Ресеймен визасыз режимді алып тастауды қолдайтыны белгілі болды. 2014 жылға дейін украиндықтардың басым бөлігі қос мемлекет те тәуелсіз, бірақ шекарасы ашық достас ел болуы керек деген пікірде болған. 2014 жылы осылай есептейтіндер саны 50/50 болды.

Сондай-ақ, сауалнамаға сәйкес, украиндықтар үшін соғысты тоқтатудың жалғыз оң сценарийі 2014 жылға дейін бақылауында болған барлық аумақтарды, соның ішінде Донбасс пен Қырымды Украинаға қайтару. Мұны респонденттердің 89%-ы жақтады.

Сауалнамаға сәйкес, украиндықтар үшін соғысты тоқтатудың жалғыз оң сценарийі 2014 жылға дейін бақылауында болған барлық аумақтарды Украинаға қайтару

«Путин режимі сарбаздарды өлім аузына жіберіп қана қоймай, елде экономикалық дағдарысты тудырып, ресейліктерді Украина халқына жау қылды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Сонымен қатар, РФ өкілдері басқа елдерде жағымсыз тұлғаға айналды, осылайша ресейліктерді өркениетті қоғамнан шеттетіліп, әлемнен аласталған ұлт болды. Латвия Премьер-министрі Кришьянис Каринь Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Еуропалық одақ деңгейінде шенген туристік визаларын беруді тоқтату туралы шешім қабылдау керектігін мәлімдеді.

Өз кезегінде Дания үкіметі РФ-дан туристердің келуін шектеуді көздеп отыр. Мәселен, Эстония ресейліктерге көктемнен бастап туристік виза бермей отыр. Шілде айының соңында Эстония үкіметі ресейлік азаматтарға уақытша тұруға рұқсат немесе оқу мақсатында виза беруге тыйым салуды бекітті.

Добавить комментарий