Путин мен Сталин: Қазіргі және сол кездегі соғысқа деген көзқарастың айырмашылығы неде

1991 жыл. Кеңес Одағы ыдырады. Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы (РКФСР) Кеңес Одағының құқықтық мирасқоры болды.

«Хрущевтік жылымық» және «Брежневтің тоқырау» кезеңінде Иосиф Сталин туралы сөз қозғамауды жөн көрген болса, онда «Путиндік Ресей» кезеңінде Сталин және Сталиннің жеке басына табынушылық жандана түсті. Бүкіл Ресей бойынша қалалар мен ауылдарда КСРО КОКП ОК бас хатшысы Иосиф Сталинге ескерткіштер салтанатты түрде ашылып жатыр. Әлеуметтік ұйымдар Сталинге және оның іс-әрекеттеріне қатысты оң динамика туралы зерттеу нәтижесін үздіксіз жариялауда. Жылдан-жылға Ресейде сталинизмді ұстанушылардың саны артып келе жатқаны ғажап емес. Ал Нижегород облысы Бор қаласында коммунистер «кеңестік тарихты бұрмалауға» қарсы тұратын тәрбие-білім беру орталығы болатын Сталин орталығын салуды жоспарлап отыр.

Кеңес дәуірінде ұлдарын әскери қызметтен, Отан алдындағы борышын өтеуден «жалтару» ұят әрі әдепсіздік болған! Сталиннің кенже ұлы — Василий Иосифович Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап әскери ұшқыш ретінде алдыңғы қатарда соғысқан. Оның дивсыизия Минск, Вильно, Лида, Гродно, Паневежис, Шяуляй және Елгаваны азат ету жөніндегі ұрыс қимылдарына қатысты. Ол генерал-лейтенант шеніне дейін жеткен, әкесі — Бас хатшы болғандықтан осылай көтерілмеді. Соғыс кезінде Василий Сталин әкесінен бірнеше мәрте ресми жаза алып, әртүрлі кінәсі үшін шенінен төмендетілген. Бірақ бәрібір соғысып, жеңіске жеткеннен кейін Отанына қызмет етуді жалғастырды.

Сталиннің үлкен ұлы — Яков Иосифович денсаулығына байланысты әскери қызметін өтемеу мүмкіншілігіне қарамастан, майданға аттанды. 1941 жылы 22 маусымда әкесінен естіген алғашқы сөзі: «Бар, соғыс!» 1941 жылдың 27 маусымынан бастап Яков армия қатарында болды — 20-армияның 7-ші мехкорпусы 14-ші танк дивизиясының 14-ші гаубицалық полкінің 6-шы артиллериялық батареясының командирі, аға лейтенант. Оның батареясы Витебск түбінде фашистік қоршауда қалып, фашисттердің қолына тұтқынға тұсті. Германияда фашистік лагерьлерде екі жылға жуық сандалып жүрген.  Неміс қолбасшылығы Яковты Сталинградта Қызыл армияның тұтқынына түскен фельдмаршанл Паулюске айырбастағысы келге, оған Сталин былай деп жауап берді: «Мен солдатты фельдмаршалға ауыстырмаймын». Молотовтың айтуынша, Сталин «ұлдарымның барлығы сол жақта» деп Яковты құтқармаған.

Иосиф Сталин және Владимир Путин өз халқының, өз елінің әкесі деп есептеледі. Бірақ Сталиннің тұсында кеңес халқы Ұлы Отан соғысы кезінде өз туған жерін фашисттерден қорғады, оның ішінде Сталиннің ұлдары да, басқа да кеңес қолбасшылары мен партия ұяшығының балалары да бар.

«Қазіргі Ресейде жағдай мүлдем басқаша. Украинадағы арнайы операция бұған дәлел. Ресейлік саяси элитаның, әскери басшылардың, күштер, медиа қызметкерлері мен жоғары деңгейдегі топ-менеджерлердің, қаржыгерлердің балалары Украинадағы арнайы операцияға қатысты ма? Әлде «Украинадағы арнайы операция» деп аталатын қанды соғысқа қарапайым халықтың ұлдары ғана қатыса ма?

Біртұтас Ресей партиясы, Соловьев немесе Скабеевтер Путин мен Шойгудың қыздары бар, Құдай ұл бермеген, егер ұлдары болғанда соғысқа барар еді деп ағынан жарылуы мүмкін… Өз ұлы жоқ екен деп бөтен біреуді өлімге жіберу керек пе? Бұд құдай бермегені үшін кек алу ма? Әлде өз туған баласы басқа, ал бөтен біреудің, әсіресе үйдің жалғыз баласы — мүлдем басқа ма.

Мемлекеттік Думаның депутаттары бұл арнайы операцияны өткізу үшін бірауыздан дауыс берді. Ресей Федерациясының Үкімет төрағасы Михаил Мишустин дауысы қырылғанша арнайы операцияның Ресей халқына қажеттілігі туралы үгіттеді, оның әскерге шақыру жасындағы екі ұлы бар — Александр мен Алексей. Бірақ олардың Украинадағы арнайы операцияға қатысқаны естілмедrі. Әлде байекештердің әлпештеп өсірген ұлдары Украинаға жіберуге болмайма. Ол үшін келісімшартқа қол қойып, соғысқа баратындар бар ма?

Арнайы операцияға қатысқан әскерлердің арасында РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің ұлдары мен немерелері көрінбейді. Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Дмитрий Медведевтің ұлы 27 жастағы Илья Дмитриевич Медведев те 2022 жылы 24 ақпанда Украинада «Азов» нацистерімен соғысу үшін ресейлік әскери комиссариатқа шақырту алуға бармады. РФ Федерация Кеңесінің Төрағасы, Украинаның Хмельницкий облысы Шепетовка қаласының тумасы этникалық украин Валентина Матвиенконың ұлы Сергей Владимирович Матвиенко да «бандершілермен» соғысудан гөрі бизнеспен айналысуды жөн көрді.  Егер Ресейде Сталинді құрметтеп, халық батыры ретінде ескерткіштер орнатып жатқан болса… неге оның өз отбасы мүшелерінің азаматтық борышы мен әскери ар-намысына қалай қарағанын үлгі ретінде алмасқа», — деп сұрақ қояды ОРД басылымының авторлары.

Добавить комментарий