Путин мен Байден кеңейтілген құрамдағы келіссөздерді бастады

Осыған дейін көшбасшылардың кездесуіне тек сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Сергей Лавров пен Энтони Блинкен қатысқан болатын.

«Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер басталды», — деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі. Тар құрамдағы отырыс шамамен 1 сағат 45 минутқа созылды. Осыдан кейін президенттер келіссөздердің екінші бөлігі басталмас бұрын қысқа үзіліске кетті.

Кең құрамдағы кездесу Ла-Гранж вилласының Сары залында делегациялардың қатысуымен өтуде. Ресей тарапынан Лавров және оның орынбасары Сергей Рябков, Кремль әкімшілігі басшысының орынбасары — президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, мемлекет басшысының көмекшісі Юрий Ушаков және РФ Қарулы Күштері Бас штабының басшысы — қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал Валерий Герасимов. Сонымен қатар, Украина және Сирия бойынша жекелеген өңірлік мәселелерді талқылау үшін саммитке президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козак пен Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкіл Александр Лаврентьев шақырылды.

АҚШ делегациясының құрамында Мемлекеттік хатшы Блинкен, президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан, Ақ үй жанындағы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия бойынша директоры Эрик Грин, сондай-ақ сыртқы саяси ведомство басшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуланд болды.

Сонымен қатар, саммитке екі елдің елшілері — Анатолий Антонов және Джон Салливан қатысуда.

Добавить комментарий