Путин ядролық қарумен қорқытуы мүмкін

АҚШ-тың соғыс зерттеу институтының (ISW) сарапшылары РФ президенті Владимир Путин ядролық қарумен қорқытуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл жағдайда оның мақсаты Мәскеудің бақылауына өткен Херсон, Запорожье, Донецк және Луганск облыстарына Украинаның контршабуылын тоқтату болатыны атап өтілді.

«Аннексиядан кейін Путин тікелей немесе жанама түрде Ресей аумағын қорғау үшін ядролық қаруды қолдануға рұқсат беретін ресейлік доктрина жаңадан қосылған аумақтарға қолданылады деп мәлімдей алады. Егер Украинаның Ресей басып алған аумақты қайтару бойынша контршабуылдар жалғаса беретін болса, Украина мен оның серіктестеріне ядролық шабуыл жасалады деп қоқан-лоқы көрсетуі мүмкін».

Сонымен қатар, ISW Ресейдің бұған дейінгі Мәскеу ядролық қаруды қолдануға дайын екендігі туралы айтқандары бос сөз екенін атап өтті.

РФ Украинаның басып алынған аумақтарын аннексияланға дейін Украина мен оның батыстық серіктестерінің контршабуыл жасауға мүмкіндіктері бар.

Добавить комментарий