Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан тек ғарыш аппаратын ұшыратын алаң қызметін атқармау керек екенін мәлімдеді.
Владимир Путин Қазақстан тек ғарыш аппаратын ұшыратын алаң қызметін атқармау керек деп мәлімдеді
Бұл туралы Мәскеудегі «Манеж» орталық көрме залында өтіп жатқан жыл сайынғы баспасөз конференциясында айтылды.
«Мен қазақстандық достарымыз көтерген мәселемен келісемін: егер біз бірге жұмыс істейтін болсақ, Қазақстан тек ғарыш аппараттарын ұшыратын алаң қызметін атқарып қана қоймай, неғұрлым ауқымды қызметке араласып, оның ішінде осы бағыт бойынша өз құзыретін арттыру қажет. Осы оймен толық келісемін және біз жолдарын іздеп жатырмыз. Біз бұл жоспардың жүзеге асыратынымызға сенімдімін», — деді Владимир Путин.