Путин 8 мамыр күні Рахмонмен кездеседі

Ресей президенті мен Тәжікстан президенті 8 мамыр күні Эмомали Рахмонның Мәскеуге сапары кезінде кездеседі.

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

«Иә, келіссөздер Мәскеуде Жеңіс күні қарсаңында жүргізіледі деп жоспарланып отыр», — деп жауап берді Кремль өкілі Путиннің Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шараларға бірлесіп қатысудан бөлек Рахмонмен жеке кездесуі жоспарланып отыр ма деген сұрағына.

Путин мен Рахмон Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында қалыптасқан жағдайды талқылайды деп хабарланды.

Песков түсіндіріп өткендей, Рахмонның 8 мамырда Путинмен келіссөздер жүргізіге Мәскеуге сапары қырғыз-тәжік шекарасында орын алған оқиғаларға дейін келісілген болатын.

«Рахмонның сапары шекарада орын алған оқиғаларға дейін жоспарланған және келісілген болатын», — деді ол.

Добавить комментарий