Бүгін Ақтауға келген Ұлыбритания азаматы Covid-19-ға арналған ПТР-тестінің болмауына байланысты депортацияланды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов хабарлады.
Сондай-ақ, 207 қазақстандықта анықтама болған жоқ. Оларды карантиндік стационарларға орналастырды.
24 қазанға ұараған түні 1158 жолаушы келді. Анықтамалары бар — 951, анықтамаларсыз 207 Қазақстан азаматы, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанға төрт рейс, 471 жолаушы, анықтамасы бар — 385, анықтамасы жоқ — 86;
Алматыда — төрт рейс, 588 жолаушы, анықтамасы бар — 472, анықтамасы — 116;
Ақтауға — бір рейс, 99 жолаушы, анықтамасы бар — 94, анықтамасы жоқ — 5.
Жолаушылар Түркия, БАӘ, Беларусь, Мысырдан халықаралық әуе рейстерімен келді.
«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары Нур-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларында ПТР талдау тапсыру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды», — деді Сәдуақас Байғабұлов.
26 қазаннан бастап халықаралық әуе рейстері елге оралған қазақстандықтарды коронавирустың жоқтығы туралы анықтамасы болмаса бортқа жібермейді.
Сондай-ақ, 24 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы Covid-19 статистикасы:
Жұқтырғандар — 164; Емделіп шыққан — 73; Қайтыс болғандар — 4; Ең үлкен өсім — Нұр-Сұлтан (25); Нөлдік өсім — Ақтөбе және Қызылорда облыстары.
Емделіп жатыр — 2 869 пациент (стационарларда — 2 317, амбулаториялық — 552); балалар — 211 (бір күн бұрын — 211); ауыр жағдайда — 124; аса ауыр дәрежеде — 10; ӨЖЖ аппараттарында — 16.