ПТР-тест анықтамасынсыз келген жолаушылар үшін Қазақстанда 2 айда 2 млрд теңге жұмсалды

Онсыз да қиын кезеңде Қазақстанда ПТР-тестілерге қомақты қаражат жұмсауда. Бұл шығындар қаншалықты өзін ақтауда және азаматтарды инфекциядан қорғауда мемлекеттің басқа мүмкіндіктері бар ма?

ПТР-тесттен өткені туралы анықтамасыз келген қазақстандықтарға мемлекеттік бюджеттен 2 айда 2 млрд теңге жұмсалды. Бұл сандар шенеуніктердің ресми жауаптары негізінде қазақстандық БАҚ журналистерінің жүргізген есептерінен қалыптасты.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында коронавирусқа жасалған талдауларға қазынадан 637 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл 45 834 адамға шаққанда, яғни әрқайсысына шамамен 14 мың теңгеден кетті.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтамаған азаматтарды тегін ПТР-тестінен бөлек, 2-3 күн қонақ үйлерге орналастырып, тегін тамақтандырады. Оған жұмсалатын нақты шығын туралы мемлекеттік органдарда айтылған жоқ. Алайда, келтірілген сандарға сүйене отырып, бір төсек-орынға күніне шамамен 13,5 мың теңге төленетіні анықталды. Осылайша, шетелден ұшып келетін кемінде 46 мың адам екі күндік стационарға жатады және ПТР-тест тапсырады — бұл 1 млрд 877 млн теңге мемлекеттік шығын.

Отанына анықтамасыз келетін қазақстандықтар басқа жолаушылардың денсаулығына қауіп төндіреді, алайда ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. ПТР-тест анықтамасынсыз ұшып келгені үшін оларға айыппұл салынбайды және қонақ үй мен тапсырған талдау үшін ақша сұрамайды.

Добавить комментарий