Джен Псаки Ресейдің Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтату туралы талабы — болмашы қоқан-лоқы екенін мәлімдеді.
Псаки РФ-ның Украинаға қару жеткізуді тоқтату талабын «болмашы қоқан-лоқы» екенін айтты.
Спикер АҚШ Украина билігіне әскери көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей билігінің Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтату туралы талабын болмашы қоқан-лоқы деп атады. Бұл туралы ол брифинг барысында айтты, деп хабарлады АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі.
«Мен президент Путиннің немесе Ресей басшылығының болмашы қоқан-лоқысына және қорқытуына көне салмаймын», — деп атап өтті Псаки.
Ол Ресей Федерациясының наразылығына қарамастан АҚШ билігі Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастыратынына сендірді.
Бұған дейін The Washington Post газеті Ресей Федерациясының өкілдері АҚШ-қа Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы «отқа май құйып» отыр деп дипломатиялық нотаны жібергенін және ауыр зардаптарды тудыруы мүмкін екенін хабарлады.