Псаки АҚШ-тың Кубаға қатысты саясатын қайта бағалайтынын мәлімдеді

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ-тың Кубаға қатысты саясаты қайта қаралатынын хабарлады. Бұл ретте әкімшілік өз ұстанымында қалатын болады.

«Біз [бұрынғы президент Дональд] Трамп [Кубаға қатысты] әкімшілігінің саясатын, ұлттық қауіпсіздіктің басқа да мәселелеріне қатысты саясатын біздің тәсілдерімізбен сәйкестігіне кепілдік беру үшін қайта қараймыз. Біз өз жолымызбен жүреміз», — деді ол. — Қазір мен алдын-ала ешнәрсе айта алмаймын».

Псакидің айтуынша, АҚШ «демократия мен адам құқықтарын қолдау қағидаттарын» басшылыққа алады. «Бұл біздің күш-жігеріміздің негізі болады Екіншіден, бұл Куба үшін бостандық қағидаттарын берік ұстанатын тегі кубалық американдық азаматтарды [қолдауы] болып табылады», — деді ол.

АҚШ 1961 жылы Кубамен дипломатиялық қатынастарын үзіп, сауда-экономикалық эмбарго енгізген. 2014 жылғы желтоқсан айында президенттік қызметінде болған Барак Обама екіжақты байланыстарды қалыпқа келтіру қозғалысының басталғанын жариялады. Ақ үйдің келесі басшысы Дональд Трамп америкалықтар үшін аралға бару ережесін қатаңдатып, кубалық әскерилер бақылайтын ұйымдармен бизнес жүргізуге тыйым салғаннан кейін ынтымақтасу тоқтатылды. 11 қаңтарда Трамп әкімшілігі Кубаны Вашингтонның болжамы бойынша халықаралық терроризмге қолдау көрсететін мемлекеттер тізіміне қайта енгізді.

Добавить комментарий