Пропаганда ресейліктердің өміріне қауіп төндіруде

«Ресей әскерінің Украинаға баса көктеп кіргеніне 19 айдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Кремльдің пропаганда машинасы Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға басып кіру туралы шешімін жақтап келді, сондай-ақ пропаганда ресейліктерге ел әскерінің соғыс алаңында неліктен жеңіліп жатқанын «түсіндірді». Осы уақыт ішінде ресейліктер пропаганданың ықпалы олардың өміріне тікелей қауіп төндіре бастағанын байқамаған секілді», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Олар өз сөздерінің дәлелі ретінде Украина аумағындағы соғыс қимылдарының басында қолданылған нарративті қайта іске қосты.

Фото: Пропаганда ресейліктердің өміріне қауіп төндіруде

«Бұл нарратив Ресейдің Украинаға қарсы бастаған кең ауқымды соғыс қимылдарын жақтау үшін жарияланғанын айта кеткен жөн. Ол кезде РФ шабуыл жасамағаны, керісінше әскери мақсат Украинаны «демилитаризациялау» және «денацификациялау», «Донбасс халқын қорғау болды» деп айтылған. «Пропаганданың сөзінше, Украина халқы «бостандықты қалады» және Ресей әскерінің келуін асыға күткен. Қарапыйфм ресейліктерге ешқандай қауіп төнген-міс. Арнайы операцияға әскерилер жұмылдырылды, ал РФ-ның бейбіт тұрғындары қам-қатерсіз жүрді. Алайда бұл ұзаққа жалғаспады. Ресей әскері қысқа уақыт ішінде Киевті басып ала алмай, соғыс алаңында бірқатар жеңілістерге ұшырады, ал РФ әскерінің ең басты проблемасы — жеке құрамның өте көп шығындары.

Еске салайық, Ресей президенті былтыр күзде мобилизация жариялауға мәжбүр болды», — дейді батыс елдерінің саясаттанушылары.

Олар аталған мобилизация «Кремль пропагандасы риторикасының» бетбұрысы болды деп есептейді.

Фото: Пропаганда ресейліктердің өміріне қауіп төндіруде

«Пропаганда «Киевті басып алу» деген тезисті «ресейліктер өлімнен қорықпау керек» деген тезиспен алмастырды. Пропагандисттер ел азаматтарды отан алдындағы борышын өтеу керек екенін, нағыз ер жігіт өлімнен қорықпайды, «қасиетті соғыста» өз елін қорғап, жанын беру керек және т.б. айтып, кез келген жолмен соғыс алаңына аттандыруға мәжбүрледі. Мәселен, Путин былтыр күзде Украинамен соғысқа қатысып жатқан ресейлік әскерилердің аналарымен кездесу барысында ұлдарының өлімі зая кетпейтінін мәлімдеді. Ресейдің жетекші пропагандашылардың бірі Ресейдің барлық азаматы нацистермен, сатанистермен және т.б. соғысуы тиіс деп агрессивті түрде мәлімдеді. Айта кетейік, аталған пропагандашының әскерге шақыру жасындағы екі ересек ұлы бар, бірақ олар соғысқа аттануға асығар емес. Тағы бір пропагандашы Маргарита Симоньян келісімшарт бойынша әскерге аттану қарапайым ресейліктің өміріндегі өте дұрыс шешім деп сендірді», — деп жазады саясаттанушылар.

Енді олар Ресей қоғамын елдің соғыс жағдайында болуы — қалыпты жағдай, ал соғыстағы өлім — парыз деп сендіре бастады. «Егер «АӘО» басталғанда кез келген қарапайым ресейлік азамат соғыс оларға жоламайды деп ойлады, ал қазір болса бәрі өзгерді. Бірақ, ресейліктер мұны байқап отырған жоқ секілді, «қасиетті соғыс» деп олардың «миын улап» жатыр, бірақ оның мәні жоқ. Айта кету керек, Украина тарапының бағалауы бойынша қазіргі таңда Ресей әскері 280 000 адамынан айырылды», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий