Пропаганда — нағыз әскери қару: сарапшылардың пікірі


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-48673-1676924729-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Кремльдік пропаганда ұзақ жылдар бойы қазіргі режимді сақтап қалу мақсатында ресейліктерге белгілі бір идеологияны қалыптастырды, дейді батыстық саясаттанушылар. Украина аумағында соғыс қимылдарының басталуымен РФ-да жаңа нарративтер пайда болды. «Қанды соғыс» басталғалы бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде Ресейде «пропаганда шынайы ақпарат пен парасаттылықты шетке ысырды», — дейді украиналық саяси технологтар. «Соғысты қолдайтын миллиондаған ресейліктердің миын шайып жатыр».

Украиналық саяси технологтар қазір Ресейде туған-туыстарын, әріптестерін, көршілерін және соғысқа қарсы айқын ұстанымға ие, қазіргі үкіметке сыни пікір білдіретіндерді сату қалыпты дүние екенін мәлімдеді.

Мәселен, ресейлік «НМГ» медиа тобының директорлар кеңесінің төрағасы Алина Қабаева ресейлік ТВ-ның жұмысы мен пропагандисттердің қызметін нағыз әскери қарумен салыстырды. Бұл дөп айтылған.

Фото: Ресейлік «НМГ» медиа тобының директорлар кеңесінің төрағасы Алина Қабаева пропагандисттердің жұмысын нағыз қарумен салыстырды

«Ресейлік пропагандаға сеніп, ел президенті отанын қорғау үшін соғыс бастады деп, ұрыс алаңына қанша ресейлік аттанды? Бұл көрсеткішті ешкім ешқашан біле алмайды», — деп есептейді украиналық саяси технологтар.

Тіпті танымал ресейлік мәдениет қайраткерлері де соғыс алаңына өз еркімен барып жатыр. Мысалы, ресейлік актер Эдуард Захарук ерікті түрде майданға аттанды, сондай ақ «Гардемарини» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Михаил Мамаев та қолына қару ұстады.

Фото: Ресейлік «НМГ» медиа тобының директорлар кеңесінің төрағасы Алина Қабаева пропагандисттердің жұмысын нағыз қарумен салыстырды

«Соңғы уақытта интернет желісінде әскери қызмет туралы жарнамалық роликтер пайда бола бастады, олар бірінші кезекте әлеуметтік осал, қаржылай қиындықта жүрген ер азаматтарға бағытталған», — деп жазады саясаттанушылар.

Олар Ресейдегі қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары мен әйелдері туралы бағдарламаларды ақымақтық деп атады. «Ресейлік пропагандаға ерекше назар аударған жөн. Осылайша бірнеше ай бұрын РФ-ның федералдық арналарының бірінде патриоттық материал пайда болды. Теледидарда Украинада қаза тапқан ресейлік әскерилердің ата-аналары өтемақыға көлікті қалай сатып алып жатқаны туралы сюжет көрсетілді. Жер жастанған окупанттың әкесі «ұлын еске алу» үшін «жаңа машинаны» сатып алғандығын мәлімдеді. Әрине, сюжетте ресейлік әскерилердің фашизмге қарсы соғысып жатқаны, демек «ұлы іс» үшін қаза тапқаны айтылды. Жақында интернетте тағы бір сюжет пайда болды, онда өзін-өзі жариялаған «ДХР» сарбаздарының жесір қалған әйелдеріне жергілікті билік соғыс алаңындағы «ұлдарының» ерлігі үшін 21 шуба берді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Фото: Ресейлік «НМГ» медиа тобының директорлар кеңесінің төрағасы Алина Қабаева пропагандисттердің жұмысын нағыз қарумен салыстырды

Украина аумағындағы соғыс діни мәнге ие, деп мәлімдейді ресейлік мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер мен дін қызметкерлері. Осылайша, ОПШ Патриархы Кирилл діндестерін ресейшіл «бауырластарын» қолдауға шақырды, ал қыркүйек айындағы уағызында Украинадағы қайтыс болғандардың «барлық күнәсі кешірілетінін» мәлімдеді.

«Кремльдік пропаганда машинасы демалыссыз жұмыс істеуде, демек майданға «дұрыс» құндылықтарды бойына сіңірген ресейліктердің арту қаупі бар», — деп есептейді саясаттанушылар.

 

Добавить комментарий