Проблема жиі туындайтын энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда

Проблема жиі туындайтын энергетикалық объектілер мемлекет меншігіне қайтарылады. Сарапшылар жағдайға түсініктеме берді: «Кеңес одағы ыдырағаннан кейін жекеменшік ұйымдар жұмыс жағдайында, жұмыс ресурсы мол болған энергетика нысандарын алған. Сол уақыттан бері олар кәсіпорынға ешқандай қаражат салмай, тек пайда көруді кзөдеді. Нәтижесінде, проблемалық, басқаша айтқанда, ірі салымдарды талап ететін объектілер пайда болуы. Енді мемлекет бұл бизнесмендердің өмірін қиындатпай, оларды энергетика нысандарын қалпына келтіру шығындарынан босатып, қаржылық жауапкершілікті салық төлеушілердің мойнына жүктемек».

Қазақстан Президенті Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

«Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр. Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Тұрғындарға тиісті көмек беріледі. Мемлекет басшысының пікірінше, азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қиындық тудыруға және олардың құқын аяқасты етуге жол беруге болмайды», — деп жазды баспасөз хатшысы.

Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді.
Екібастұз 27 қарашаға қараған түні 30 градустық аязда жылусыз және ыстық сусыз қалды. Жылу желілерінде 15 зақымдану анықталып, бір бөлігі жойылды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. ТЖ режимі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін қолданыста болады.
5 қарашада Риддердегі ЖЭО-да апат болды. Бұдан кейін ШҚО әкімі Даниал Ахметов ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару мәселесі қаралып жатқанын хабарлады. Бұл кәсіпорынның негізгі міндеттемелерін тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий