Пригожин Беларуське ұшып келді

«Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожин мінген ұшақ Беларусь аумағына қонды. Бизнес джет Ресейдің Ростов-на-Дону қаласынан ұшып шыққан.

Пригожин мінген джеттен бөлек, Беларуське Санкт-Петербургтен тағы бір ұшақ ұшып келді.

Атап айтқанда, Евгений Пригожин мінген бизнес-джеті (тіркеу нөмірі RA-02795) Минск маңындағы Мачулищи әскери әуеайлағына сағат 07:40-та қонды.

Екінші борт — бизнес-джет BAe 125-800B тіркеу нөмірі бар RA-02878 Санкт-Петербургтен ұшып шығып, Мачулищи әскери әуеайлағына сағат 07:58-де қонды.

25 маусымда Ресей Федерациясында «Вагнер» бастаған әскери көтерілістен кейін Пригожиннің ұшағы Санкт-Петербургтен Ростовқа және кері бағытта ұшқаны хабарланды.  Ұшақпен «вагнершілердің» басшысы алып кеткен болуы мүмкін, себебі 24 маусым күні кешкісін Пригожинді Ростов-на-Дондағы Оңтүстік әскери округтің штабынан шығып бара жатқан жерінен көргендер бар.

Добавить комментарий