Президенттің күйеу баласы Болгария елшісі қызметінен босатылды

Қазақстан президентінің Қ.Қ. Тоқаевтың туған қарындасының күйеуі Болгариядағы елші қызметінен босатылады.

Жаңа заң қабылданғаннан кейін Ізбастин елші қызметін атқармайды.

Теміртай Ізбастин мемлекет басшысының жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары басшысы лауазымын атқаруына тыйым салу туралы заң қабылданғаннан кейін ҚР-ның Болгариядағы елшісі қызметінен босатылады.

ОКҚ-да өткен брифингте журналистер Әділет министрі Қанат Мусиннен заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты Теміртай Ізбастин қызметінен босатыла ма деп сұрады.

«Мұндай тыйым салынғаннан кейін, әрине, барлығы заңнамаға сәйкес келтіріледі. «Босатылады» — бұл бізге кеңестік дәуірден келген термин шығар. Ол атқарып отырған қызметінен кетеді, себебі заң бойынша ол бұл лауазымды атқара алмайды», — деді Қанат Мусин.

Министр атап өткендей, ҚР Президентінің туыстарына қызмет атқаруына тыйым салатын саяси лауазымдар тізімі кең, оған белгілі дәрежедегі дипломатиялық қызметкерлер кіреді.

Қазақстанның Болгариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Теміртай Ізбастин ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған қарындасы Қарлыға Ізбастинаның күйеуі.

Добавить комментарий