Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев баспасөз хатшысы Берік Уәлиді қызметінен босату туралы қаулыға қол қойды.
Ол «Хабар» агенттігі «АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
Бұл туралы сейсенбі күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін «Хабар-24» телеарнасы Берік Уәли «Хабар» агенттігі «АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғанын хабарлаған болатын.
Берік Уәли 1977 жылы дүниеге келген. 1997 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 2019 жылғы наурыз айынан бері Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді.