Президенттің баспасөз хатшысы байқамай Мемлекет басшысының атынан жазба жариялады

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер әлеуметтік желіде байқамай президент Джозеф Байденнің атынан жазба жариялады.

Бұл туралы сейсенбі күні The Washington Examiner газеті жариялады.

«Америкаға инвестиция құю — күллі Америкаға инвестиция құйғанмен пара-пар. Президенттікке үміткер болғанымда елдің ешқандай бөлігін назардан тыс қалдырмаймын деп уәде бергенмін», — деп Жан-Пьердің жазбасын келтіріп жазды басылым .

Жазба жергілікті уақыт бойынша сағат 15:05-те (22:05 мск) жарияланды, бірақ жарты сағат өткен соң жазба өшірілді, деп хабарлайды газет.

 

Добавить комментарий