Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаевты 2023 жылғы қаңтарға жоспарланған Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға шақырту алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі атқарушы төрағасы Клаус Швабпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік экономикалық форум арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастығы туралы айтты.