Президент тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қарастыру маңызды екенін атап өтті. Ол бұл мәселеге көз жұма қарауға болмайтынын айтты.

Қазақстан халқына Жолдауында ол тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды.

Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет екенін баса айтты. Сондықтан, полиция қызметкерлері олармен өте мұқият жұмыс жүргізіп, тиісті шараларды қолдануы керек.

Добавить комментарий