Президент Путин телефон арқылы Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Телефон арқылы сөйлесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады. Екі ел басшысы Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ барлық салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге өзара бейімділікті растады. Бұған дейін Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Айта кету керек, Тоқаев өз мерейтойын мүлдем атап өтпейді және қазір Қытайда мемлекеттік сапармен жүр.

Добавить комментарий