Президент Путин коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путин коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдырғанын айтты.

Оның хабарламасында президентке қандай вакцина салдырғаны айтылмады. Бұл елде әзірленген препараттардың ілгерілеуіне кері әсерін тигізбеу үшін әдейі аталмады.

Екпе салу процедурасы баспасөздің қатысуынсыз өтті.

Песковтың айтуынша, президент өзін жақсы сезінеді. Бүгін екпеден кейін ол толық жұмыс күнін өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда президент Владимир Путин вакцина өндірушілермен өткен кеңесте COVID-19-ға қарсы қарсы екпе салдыратынын хабарлаған болатын.

Путин елдегі вакцинация қарқынын арттыру қажеттігін атап өтті, себебі шектеу шараларын алып тастау осыған байланысты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 15 маусымға дейін Ресейде 30 млн адам егіледі, вакцинаның бірінші компонентін 6,3 млн ресейлік (халықтың 4,35%) салдырды.

Добавить комментарий