Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қостанай облысына сапары кезінде оттан зардап шеккен аумақты тікұшақпен аралап шықты.
Президент орман өртін сөндіру барысын бағалау үшін өңірге жұмыс сапарымен келді.
2 қыркүйекте күндіз Қостанай облысында орман өрті басталып, елді мекендерге шарпыды. ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт 108 құрылысты зақымдап, жойды, 10 адам жарақат алды, бір адам қаза тапты. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.
ТЖМ мәліметінше, қазір аймақтағы жағдай әлі де қиын, бірақ тұрақты.