Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия басталғанына бір жыл болғанын еске салды.
Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады. ТЖкезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді, — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Президент ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек деп айтты.
Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік. Бірақ дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын, — деді ол.
Коронавирусқа қарсы халықты жаппай вакцинациялау қашан басталатыны туралы президент хабарлаған жоқ.