Президент делдалдық схемаларды тексерудің нәтижесін көрмегенін атап өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы азық-түлік нарығындағы делдалдық схемаларға тергеу нәтижесін көрмегенін атап өтті.

«Жедел әрекет етуді талап етіп отырған мәселелерге тоқталғым келеді. Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,4 пайызға қымбаттады. 9 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9 пайызды құрады. Менің тапсырмам бойынша делдалдық әрекеттерді анықтау жөніндегі аймақтық комиссиялар құрылды. Ал, шын мәнінде, ештеңе істелмеген. Нәтижесін мен де, халық та көріп отырған жоқ», — деді Тоқаев бейсенбі күні Екібастұзда моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Оның айтуынша, президент Әкімшілігі осы мәселені зерттеп, бір апта ішінде есеп беруі керек

«Азық-түлік тауарларының қымбаттауының қысымымен инфляция 6%-дық деңгейден асып түсетіні анық. Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны 8,5% шегінде сақтауды тапсырамын», — деп қосты Тоқаев.

Добавить комментарий