Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясында сөйлеген сөзінде айтты.
«Елдегі ғылыми қызметті үйлестіруді күшейту үшін салалық министрлікті екі ведомствоға бөлу керек деп есептеймін, олардың бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысады», — деп мәлімдеді Тоқаев Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясында сөйлеген сөзінде.
Президенттің пікірінше, бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетін де нығайтады.